Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық кеңесі – өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы консультативтік-кеңесші, бақылау органы.
Қоғамдық кеңестің өкілеттілігіне келесі фунциялар жатады:
- Министрліктің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, Министрліктің стратегиялық жоспарлардың жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын талқылау;
- Министрліктің бюджеттік бағдарламаларының орындалуын стратегиялық жоспарлардың, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын талқылау;
- Министрліктің нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы есептерін талқылау;
- Министрліктің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;
- Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;
- Қызметтік әдеп нормаларыныңс сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және емлекеттік апараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;
- Қоғамдық бақылауды Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру.