Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы мейіргер ісі жөнінде үйлестіру кеңесі – мақсаты Қазақстан Республикасында мейіргер ісін одан әрі дамытумен байланысты мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейтін консультативті-кеңесші орган болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы мейіргер ісіндегі ғылыми-әдістемесін қамтамасыз ету және ұйымдастырушылықты жетілдіру, Қазақстан Республикасы азаматтарына көрсетілетін мейіргерлік көмек сапасын арттыру бойынша ұсынымдар жасау, мейіргер ісін дамытудың перспективті бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін Үйлестіру кеңесі құрылады және келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • Қазақстан Республикасында мейіргер ісін ұйымдастыру мәселелері бойынша Министрліктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысады;
  • Қазақстан Республикасында мейіргер ісін кадрлық және оқу-әдістемелік жетілдіру ғылыми қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды даярлайды;
  • Мейіргер жұмысында жаңа ұйымдастыру формаларын және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша заманауи әдістерді енгізу және денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдардың, денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары өкілдерінің ұсыныстарын қарастырады;
  • Мейіргер ісі мәселелеріне арналған мастер-класстар, семинарлар, кеңестерді, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға қатысады.