Қабылдау шарттары

  • Мүшелер болып Қауымдастықтың мақсаттары мен тапсырмаларын бөлісетін Қазақстан Республикасының кез-келген заңды тұлғалары, шетел және халықаралық ұйымдар бола алады;
  • Қауымдастыққа мүшелікке қабылдау жазбаша өтініш негізінде орындалады. Қабылдау туралы шешім Қауымдастықтың Кеңесімен қабылданады;
  • Мүшелікті тоқтату өз еркімен немесе Қауымдастық Кеңесінің шешімімен Қауымдастық Жарғысының ережелерін сақтамаған немесе міндеттерді орындамаған жағдайда немесе сот органдарының шешімі бойынша тоқтатылады.

Қауымдастықтағы мүшелік не береді?

Қауымдастық сіздің мүдделеріңізді келесіде ұсынуға дайын:

  1. Денсаулық сақтау саласында нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен талқылау, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қатысу және өзгерістерге бастамашылық ету, ұсынылған бастамашылықтар туралы уақтылы ақпараттандыру;
  2. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке серіктестіктің бағдарламаларын жүзеге асыруға көмектесу. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Қоғамдық Кеңесінің жұмысында қатысу
    арқылы жүзеге асыруды бақылау;
  3. Мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық пен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру;
    Қауымдастықтағы мүшелерімен жүргізілетін және жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді танымал ету, жаңа технологияларды енгізу, ұйымдастыру мен жетілдіру сұрақтарында көмектесу;
  4. Бюджеттік бағдарламалар шегінде немесе қаржылық лизинг жағдайында дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық өнімдерді сатып алу кезінде мемлекеттік компаниялармен өзара әрекет етуді жүзеге асыру.
  5. Процедураларды орындау кезінде теңдік пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Қауымдастық өкілдерінің бақылаушы кеңестер жұмысына қатысуы;
  6. Қауымдастық мішелерінің мүдделерін ұсыну кезінде басқа ұйымдар мен бірлестіктермен, соның ішінде халықаралық ұйымдармен, ынтымақтасу.