Астана қаласының Қоғамдық кеңесі – коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.
Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктеріне:
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, қаланы дамыту бағдарламаларын талқылау;
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының, қаланы дамыту бағдарламаларының орындалуын талқылау;
- қаланың атқарушы органдарының нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау; бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы жоспарлардың орындалуы, қайырымдылықтан түскен ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;
- азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;
- жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік басқаруды жетілдіру және қызметтік этика нормаларын сақтауды қоса отырып, мемлекеттік аппараттың жұмысын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау жатады.