Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
Комиссияның мақсаты
Комиссияны құрудың мақсаты клиникалық хаттамаларды, медициналық білім беру, дәрі-дәрмек, денсаулық сақтау саласында сапаны бақылау мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі жүйесінің стандарттарын жетілдіру бойынша ұсынымдарды дайындау болып табылады.
Комиссияның міндеттері мен құқықтары
Комиссияның негізгі міндеттері:
- клиникалық хаттамаларды жетілдіру;
- медициналық білім беру стандарттарын жетілдіру;
- дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру;
- сапаны бақылау және денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі жүйесінің стандарттарын жетілдіру болып табылады.
Комиссия мiндеттердi iске асыру үшiн:
- комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және қарау үшін комитеттерді құрады;
- мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
- қажет болған кезде, Комиссияның Ережесімен регламенттелген мәселелер бойынша талдау, бағалау және сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдерін, денсаулық сақтау субъектілерін тартады.
Комиссия қызметінің шеңберінде олардың құзыретіне жатқызылатын нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстарды дайындау үшін құрылатын комитеттер тұрақты жұмыс істейді:
- формулярлық комитет;
- медициналық көрсетілетін қызметтерді стандарттау және клиникалық хаттамаларды әзірлеу комитеті;
- медициналық технологияларды бағалау комитеті;
- аккредиттеу және медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын басқару комитеті;
- медициналық білім беруді жаңғырту және кадрлық ресурстарды дамыту комитеті.