«Еуразиялық медициналық қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы ЗТБ (ары қарай — Қауымдастық), дәрі-дәрмек, медициналық өнімдерді (медицина мақсатындағы бұйымдар мен медициналық техника) өндіру мен жүзеге асыру және медициналық қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлғалардың бірлестігі болып табылады. Қауымдастық Қазақстан Республикасының экономикалық саясатына нарықтық қатынастарға өту саласында көмек көрсетеді және Қауымдастық мүшелерінің мүдделерін ұсынады:
- Дәрілік заттар мен медициналық өнімдердің айналу саласында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе Еуразия экономикалық қеңес актілеріне өзгертулерді дайындау және талқылау немесе бастамашылық ету кезінде;
- Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламаларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Қоғамдық Кеңесінің жұмысына қатысу арқылы;
- Мемлекеттік органдар, басқа ұйымдар мен бірлестіктермен, сонымен қатар халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық пен өзара әсерлесу кезінде;
- Қауымдастық мүшелерімен жасалатын және жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді танымал ету, жаңа технологияларды ендіруді ұйымдастыру кезінде;
- Бюджеттік бағдарламалар шегінде немесе қаржылық лизинг жағдайында дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді сатып алу кезінде мемлекеттік компаниялармен өзара әрекет ету кезінде.
Еуразиялық медициналық қауымдастық Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінде және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген, бұл денсаулық сақтау саласында реформаларды жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік береді және Қауымдастық мүшелерінің мүдделеріне қатысты уәкілетті органдардардың қызметінің нәтижелері туралы уақтылы ақпарат алуды қамтамасыз етеді.
Қауымдастық өкілдері мемлекеттік органдар мен бұлардың Қазақстан Республикасы мен Еуразия экономикалық кеңесінің ведомствоастындағы ұйымдарының қасында консультативтік-кеңестік органдарының құрамына кіреді, бұл денсаулық сақтау саласында кедергілерді азайту мен қайта реттеу,
инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен фармацевтикалық саланы дамыту сұрақтары бойынша шешімдерді қабылдауға тікелей қатысуға мүмкіндік береді.
Қауымдастық «Алқалы Кеңес» Корпоративті қорының құрылтайшыларының бірі болып табылады, бұның құрамына «Трансфузиологтар қоғамы» мен «Өмір тамшысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі кіреді. Қордың негізгі мақсаты Қазақстандағы трансфузиологияны бейінді ұйымдармен, соның ішінде халықаралық деңгейде, бірлесу және тәжірибе алмасу арқылы дамыту болып табылады.