7 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында бизнес өкілдері үшін жылдың басты оқиғасы – «Парыз-2021» әлеуметтік жауапкершілік бойынша республикалық байқауының сыйлықақысын табыстауы өтті. SANTO компаниясы «Үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпорын» номинациясын жеңіп алды.

Бұл сыйлықақы 2008 жылы Қазақстанның жаңа экономикасын құру, кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлерінің және жалпы қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге ынталандыру мақсатында тағайындалған болатын. Ол жыл сайын конкурстық негізде беріледі және таңдаудың басты өлшемі номинант компанияның табысты, тиімді әлеуметтік саясаты болып табылады.

Біз еңбегіміздің осындай жоғары деңгейде танылғанын мақтан тұтамыз, – деп бөлісті SANTO компаниясының бас директоры Ижи Урбанец салтанатты марапаттау рәсімі кезінде. Бұл – өндірісті халықаралық сапа стандарттарына жедел ауыстыруға және сапалы, қауіпсіз дәрілік заттарды өндіру үшін жаңа технологияларды енгізуге зор күш салған бүкіл ұжымның еңбегі.  Бұл ретте біз өз қызметкерлерімізге ғана емес, дәрігерлерге, пациенттерге, қарттарға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, студенттер мен оқушыларға, мемлекеттік және корпоративтік серіктестер қызметкерлеріне ерекше көңіл бөле отырып, әлеуметтік басымдықтарға үлкен мән бердік. Өйткені, олар біздің әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған көптеген жобаларымызға қатысады.

Компанияның маңызды әлеуметтік бастамаларының ішінде жүйке жүйесі бұзылған балалар емделетін Түркістан облысының балаларды оңалту орталығымен көпжылдық ынтымақтастықты атап өту маңызды. Жыл сайын орталыққа Шымкент қаласы мен өңірден 1200-ге жуық жас пациент барады. Компания орталықпен Inpulse қайырымдылық акциясы аясында жұмыс істей бастады. 2018 жылы алғашқы қайырымдылық жобасы церебралды сал ауруы бар балаларға жүйке қозғыштығын төмендетуге, бұлшықет тонусын жақсартуға және гемодинамиканы реттеу механизмдерін үйретуге көмектесетін галотерапия бөлмесін қайта құру болды. Компания сондай-ақ психологтың кабинетін және сенсорлық бөлмені жабдықтауға, балалар жиһазын, ойыншықтарын, релаксация жабдықтарын сатып алуға көмектесті. 2021 жылы Монтессори жүйесі бойынша оңалту кабинетіне ойыншықтар, жұмсақ бұрыш және едендік жабын сатып алынды.

SANTO көп жылдар бойы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына белсенді қатысып келеді және зауыт орналасқан Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қарамағындағы әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларға қажетті мектеп құралдарын жеткізеді, сондай-ақ ауданның аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға сыйлықтар сатып алуға қаражат бөле отырып, жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыруға көмектеседі, тұрақты негізде Шымкент қалалық мамандандырылған кітапхананың қамқорлығындағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мерекелік іс-шараларды қолдайды.

Көптеген адамдар үшін сынақ болған пандемия кезінде SANTO компаниясы өзінің қамқорлығындағы ардагерлерді, тыл еңбеккерлерін және қарттарды жыл сайын Наурыз, Жеңіс күні және Қарттар күніне азық – түлік себеттері мен ақшалай сыйлықтар беруді жалғастыра отырып, назардан тыс қалдырмады. Денсаулық сақтау жүйесінің әртүрлі құрылымдарымен жұмыс істеу кезінде, пандемияға байланысты олардың қиындықтарын біле отырып, компания шетте қалмады және қауіпті коронавирустың таралуының алғашқы күндерінен бастап республиканың емдеу мекемелеріне жеке қорғаныс құралдарын жеткізуді бастады. Компания пандемиямен күресуге қосқан үлесі және дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге көмектескені үшін EUROBAK CSR AWARD 2020 «Әлеуметтік-корпоративтік жауапкершілік (CSR)» санатында аталды. Дәрілердің өткір тапшылығы кезеңінде компания республикаға өмірлік маңызды препараттарды әкелуді, көптеген маңызды вирусқа қарсы препараттарды өндіруді қамтамасыз етті.

Компания өзінің әлеуметтік бастамаларымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытуға, ел экономикасы үшін әлеуметтік бағдарланған бизнестің маңыздылығын нығайтуға елеулі үлес қосуда.

******************************************************************************************

SANTO туралы:               

Santo Member of Polpharma Group (SANTO компаниясы) сауда маркасымен «Химфарм» АҚ – Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында жұмыс істейтін Polpharma халықаралық фармацевтикалық тобының бөлігі. Компания қолжетімді жоғары сапалы дәрілік заттарды әзірлейді, өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Бүгінгі таңда SANTO қазақстандық фармацевтикалық өндірушілер арасында жетекші орын алады. Компанияның портфеліне терапияның әртүрлі салаларында ауруларды емдеуге арналған 12 фармакотерапиялық топтардағы 240-тан астам генерикалық препараттар кіреді.

Компания Қырғызстан мен Өзбекстанда өз өкілдіктерін ашып, Ресей, Моңғолия, Түрікменстан, Тәжікстан сияқты елдердің нарықтарына экспорттауды жүзеге асырады және Қазақстан нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

******************************************************************************************

Қосымша ақпарат алу үшін:

Татьяна Филипчик, Аймақтық PR менеджер

SANTO компаниясы

e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz

www.santo.kz